Жарияланды: 420

Беларусьтағы ахуал Қазақстанның қаржы нарығына ықпал ете алмайды

Беларусьпен ардағы сыртқы сауда көлемі шағын. Ондағы ахуал Қазақстанға әсер ете алмайды,

деді Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында. "Беларусь пен Қазақстанның арасындағы тауар айналымының көлемі өте шағын. Олардың Кеден одағындағы үлесі де аз. Ондағы ахуал бізге ешқандай қауіп төндіре алмайды", - дейді Григорий Марченко. Оның айтуынша, Беларусьтағы ахуал Қазақстанның валюта нарығына қандай да бір әсер ететін болса, оның алдын алуға қажетті қаражат жеткілікті. Егер арзан Беларусь өнімдері нарыққа көптеп келе бастаса, одан ұтпасақ ұтылмаймыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін