Жарияланды: 1900

Белгілі ақын қазақша сөйлеуден бас тартқан елшіні орнынан кетіруге шақырды

Белгілі ақын қазақша сөйлеуден бас тартқан елшіні орнынан кетіруге шақырды

«Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстан Республикасының Бельгия мен Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті елшісі Алмас Хамзаев қазақ тілді журналистердің сұрағына мемлекеттік тілде жауап беруден бас тартқан болатын»-деген хабар таратты «Қазақ үні» ұлттық порталы Үкіметтің «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

Мен «Миымды ауыстырмасаңдар қазақ тілін үйрене алмаймын» деген министрі бар елдің азаматы болуға шыдаған ақын едім. Ендіі қазақ тілінде- мемлекеттік тілде сөйлеуден бас тартқан мынадай сорақы, масқара елшісі бар елдің азаматы болуға амал жоқ шыдап отырмын!.. Енді қайтемін, қайда кетемін шыдамағанда… қайда барамын? «Ақ жолдың» депутаттарының бірі Шығыс Қазақстандық Берік Дүйсенбіге телефон шалдым: «Мынадай адамды елші қылып сендер неге депутат болып отырсыңдар»-деп. Ұлттық қаны бар, жылқы бағып өскен нағыз қазақ Берік бауырым шошып кетті: «Иә, естіп жатырмын, қазір қарап, айналысайын»-деп…

Мемлекеттік тілде жауап беруді талап еткен Кім? Осындай журналистер бар кезде біз елміз, ерміз! Осы ХамзаЕВтың орнына осы журналисті Елшші етіп сайлау керек!

Бельгия мен Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті елшісі Алмас Хамзаев сияқтыларды Өзбекстанда есекке теріс мінгізіп айдап шығарады елден!.МенТәуелсіз Қазақ Елінің еркін Ақыны ретінде, «Қазақ үні» деген аты бар республикалық апталық газеттің, Тұңғыш Президент- Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қорының ұйымдастырған республикалық байқаудың «Ең үздік қазақ тілді интернет газеті байқауының» жеңімпазы – «ҚАЗАҚ ҮНІ» ұлттық порталының басшысы, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары ретінде Парламенттегі біздің депутаттардан Мемлекеттік тілімізді – Мемлекеттік мүддемізді осынша төменге таптаған мынадай елшісымақты орнынан кетіруге үн қосуын қалаймын.

Мен мынадай құлдық санадағы елшімен бір елдің Азаматы болуға намысым келеді!

Ұлттық намысы бар ел азаматтары үн қосады деп ойлаймын!

Қазыбек ИСА

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін