Белгілі журналист Алпысбай Шымырбайұлы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі журналист Алпысбай Шымырбайұлы қайтыс болды

Белгілі журналист Алпысбай Шымырбайұлы қайтыс болды

Белгілі журналист, "Ғажайып Үндістан" деген ерекше журналдың бас редакторы Алпысбай Шымырбайұлы қайтыс болды.

  • 25 Мамыр 2017
  • 1968
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ақын Байбота Қошым-Ноғай Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz.  

"Алпан — Алпысбай ШЫМЫРБАЙҰЛЫ (Алшы) досымыз өмірден өтіпті. Марқұмның жаны жаннатта болсын!" деп жазған ақын марқұмның өмірбаянын да жариялады.

Алпысбай Шымырбайұлы 1953 жылы наурыздың 3-і күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Қызтоған ауылында дүниеге келген. 1968 жылы осы ауылдағы Талдыбұлақ сегізжылдық мектебін, ал 1971 жылы ұжымшар орталығындағы Абай атындағы орта мектебін бітірген. Талдыбұлақ сегізжылдық мектебінде оқып жүргенде республикалық «Қазақстан пионері» газетінің үздік жас тілшісі ретінде Бүкілодақтық «Артек» пионер лагеріне демалуға жолдама берілді.

«Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») газет, журналдарында тілші, аға тілші, бөлім меңгеруші болып қызмет атқарды. Еларалық «Ғажайып Үндістан» журналының бас редакторы.
1977 жылы Мәскеуде жас журналистердің Бүкілодақтық семинарына қатысты. 1987, 1993 жылдары Үндістанда туристік, шығармашылық сапарлармен болып қайтты.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Үміт құсы» атты хикаят, эссе, новеллалар кітабы (1983 ж.) шықты, «Көңілді тоқсан», «Шырқа, керней» жинақтарында шығармалары жарияланды, «Қарлығаш ұя салған шаңырақ» атты хикаяттар мен әңгіме, новелла, жыр жинағы (2003 ж.) жарық көрген.


Алпысбай Шымырбайұлымен қоштасу рәсімі бүгін Алматыдағы Жазушылар одағының ғимаратында сағат 10-да басталады.

Соңғы жаңалықтар