Жарияланды: 290

Бельгия полициясы күдікті 6 адамды тұтқындады

Бельгия полициясы күдікті 6 адамды тұтқындады

Бельгия полициясы лаңкестікке қарсы операция жүргізіп, Брюссель маңындағы жанармай бекетінде 6 адамды тұтқындады. Бұл туралы Бельгияның La Libre Belgique газеті хабарлап отыр.

Арнайы рейд жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де Брюссельден 20 шақырым қашықтықта орналасқан Бьерж ауданында басталған. Арнайы шара кезінде бірнеше жедел жәрдем көлігі мен полиция көлігі шетелдік нөмірлі автомобильдің ізіне түскен. Рейд барысында кемінде 6 адам қолға түсіп отыр.

Белгілі болғандай, Франция және Бельгия билігі іздеу салған Париждегі лаңкестік әрекетке қатысы бар Салах Абдеслам аталған жанармай бекетінде жиі тоқтаған көрінеді, деп жазады 24.kz.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін