Белоруссия тұңғыш рет трансгенді картоп екпек - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белоруссия тұңғыш рет трансгенді картоп екпек

Белоруссия тұңғыш рет трансгенді картоп екпек

Биыл Беларусь елінде тұңғыш рет трансгенді картоп егіледі. Бұл туралы Беларсь Ұлттық ғылым академиясына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

  • 4 Мамыр 2014
  • 700
Фото - Caravan.kz


Тәжірибелер сериясы кем дегенде бес жылға созылады. Содан кейін ғана барып генетиктер белгілі бір қорытынды шығарады. Бұл тәжірибенің мақсаты — экономикалық тұрғыдан тиімді сорт алу. 

Зерттеу нәтижесі картоптағы трансгендердің колорад қоңыздарына және өзге де зиянкестерге қаншалықты төтеп бере алатындығы тексеріледі. Арнайы салынған гендер зиянды жәндіктер мен өсімдіктерге қарсы токсиндер бөліп тұрады. Ген күн сәулесінің әсерімен жұмыс істейді.