Березов ауылында тағы бес бала дәрігерлер көмегіне жүгінді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Березов ауылында тағы бес бала дәрігерлер көмегіне жүгінді

 Батыс Қазақстан облысының Березов ауылында жағдайы нашарлаған тағы алты бала дәрігерлер көмегіне жүгінді.
5-ші және 9-шы сыныптарда оқитын балалардың басы айналып, жүрегі айныған, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Айтуларынша, дәрігерлердің тексеруінен өткеннен кейін олардың алтауы да сабаққа жіберілді. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты.
Бұған дейін хабарланғандай, былтыр қараша айында 1,5 мыңнан астам халқы бар Березов ауылында жаппай улану оқиғалары тіркелген болатын. Барлығы 90 бала мен ересек адам дәрігерлерге шағымданып, бірқатары ауруханаға жатқызылған-ды.
БҚО прокуратурасы жаппай уланудың алдында Қарашығанақ кенішінде күкіртті сутегі төгіліп, ауаны ластағанын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

  • 6 Ақпан 2015
  • 401
Фото - Caravan.kz