Рүстем Әлбақасов – Бергей Рысқалиевтің туған қарындасының күйеуі. Оған тиесілі 20-дан астам компания бірнеше жыл бойы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін қазынадан бөлінген миллиардтарды жымқырған. «Күйеу баланың» нақты қанша қаражатты қалтаға басқаны туралы ақпарат жоқ. Ұрланған ақшаны заңдастыру үшін ол жалған фирмалар құрумен де айналысқан. Бірақ, Рүстем Әлбақасовтың өзі Фейсбуктағы парақшасында бұл мәліметті жоққа шығарып, өзінің әлі бостандықта жүргенін жазыпты. Женевамен ешқандай байланысы жоғын да айтқан. Бергей Рысқалиевті қосқанда 13 адамға халықаралық іздеу жарияланған. Олардың ішінде екеуі: Олег Павличенко биыл ақпанның 3-і күні Мәскеуде, ал Жанболат Дүйсенбаев наурыздың 2-де Ақтөбеде ұсталған болатын.