Бүгін пәтерлерді алып-сатуға қатысы бар деген күдіктілерге қарсы 9 адамнан жауап алынды. Барлығы Аманжан Рысқалиға қатысты компанияның бұрынғы қызметкерлері. Олар Бергей Рысқалиевтің күйеу баласының бұйрығымен пәтерлердің қалайша алынып, сатылғанын баяндап берді. Айтуларынша, Рүстем Әлбақасов оларға жаңа үйлерден пәтер алғызып, кейін басқа кісілердің атына аудартқан. Айтқанын істемегендер қысым көріпті. Тура бір апта бұрын басталған сотта Рысқалиевтың 22 сыбайласы жауап беріп жатқанын айта кетейік. Бұрынғы лауазымды шенеуніктер мен белгілі бизнесмендерге 71 млрд теңге мемлекет қаржысын қалтаға басқан деп айыпталуда. Процестің өзі басты айыпталушылар – ағайынды Рысқалиевтердің қатысуынсыз өтіп жатыр.