Бергей Рысқалиевтің тағы екі сыбайласының есімдері белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бергей Рысқалиевтің тағы екі сыбайласының есімдері белгілі болды

Бергей Рысқалиевтің тағы екі сыбайласының есімдері белгілі болды

Атырау қаласында болған сотта мемлекеттік айыптаушы аймақтың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы екі жетекшісінің есімдерін атады.

  • 29 Қаңтар 2014
  • 358
Фото - Caravan.kz


Тергеу болжамдары бойынша, Бергей Рысқалиевтің бұйрығымен оның күйеу баласы Рүстем Әлбақасов және Ақтөбе қаласының тұрғыны Олег Павличенко бір-бірімен өзара сыбайласа әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтарды басқарған.

Бұл қылмыстық топ мүшелері республикалық және облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылатын жобалардың құнын асыра көрсету арқылы, мемлекет қаржысын жымқырып отырған. Қитұрқы әрекеттерінің арқасында олар өңірді газбен, электр энергиясымен, сумен жабдықтауға, тұрғын үйлер мен көпірлер салуға, кәріздік тазарту құрылғыларын орнатуға бөлінген миллиардтаған теңгені иеленген.