52 жастағы шенеунік сондай-ақ мемлекет меншігіндегі ғимараттарды заңсыз жекешелендіріп пара алды деп айыпталған болатын. Осының барлығын ескерген сот бас сәулетшіні ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырып дүние-мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды. Жазасын Серік Сәдуақасов енді қатаң тәртіптегі колонияда өтеуі тиіс. Ал оның тікелей басшысы болған Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев пен інісі Аманжан әлі халықаралық іздеуде жүр.