Берлинде Қазақстанның экономикалық және мәдени орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Берлинде Қазақстанның экономикалық және мәдени орталығы ашылды

Берлинде Қазақстанның экономикалық және мәдени орталығы ашылды

Берлинде Қазақстан Республикасының Экономикалық және мәдени орталығы ресми түрде салтанатпен ашылды.

  • 6 Наурыз 2014
  • 501
Фото - Caravan.kz


Оның ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Бәйтерек ҰХБ» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бішімбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Сауда-Өндірістік палатасының президенті Сабыр Есімбеков, Германиялық экономика шығыс комитетінің төрағасы Экхард Кордес, Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен экономикалық ынтымақтастық бойынша қауымластық басқармасының төрағасы Маркус Фельзнер, Германияның Бундестагының депутаттары, сонымен қатар Қазақстан мен Германияның ресми экономикалық және іскер топтарының өкілдері қатысты.

Германиядағы Қазақстанның Елшісі Нұрлан Оңжанов құттықтау сөзінде Берлинде Қазақстан Республикасының экономикалық және мәдени орталығының ашылуы қазақстандық-германдық сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және нығайтуға бағытталған кезекті қадам болып табылатынын атап өтті. Қазақстандық дипломат Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарымен таныстырып, аталмыш бағдарламалық құжаттың негізгі басымдықтарын жүзеге асыру аясында Германиямен ынтымақтастықтың зор келешегіне неміс тарабы қатысушыларының назарын аударды.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі — Премьер-Министрдің орынбасары Ә.Исекешев өз баяндамасында қазақстандық-германдық қарым-қатынасты дамыту үшін үлкен әлеует бар екенін атап өтті. Осыған байланысты Орталықтың қазақстандық-германдық ынтымақтастықтың ең алдымен сауда-экономикалық саладағы келешектегі бағытын дайындау бойынша ұсынысты айқындауда жақсы диалогтық алаң болуға барлық алғышарттары бар екеніне сенім білдірді.

Германдық экономика шығыс комитетінің төрағасы Э.Кордес өз кезегінде неміс экономикасы атынан Қазақстанды Германияның астанасында Экономикалық және мәдени орталығы ашылуымен құттықтады. Оның пікірінше, бұл орталық екі елдің іскерлік, академиялық және ғылыми топтары арасындағы байланысты қарқынды дамыту мәселесінде маңызды практикалық рөл атқарады.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер Ұлттық Палатасы мен Германдық экономика шығыс комитетінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, ұйымдар арасында қазақстандық-германдық сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту және тереңдету мақсатында екіжақты ынтымақтастықты орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.