Бес адаммен еш уақытта дос болма - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бес адаммен еш уақытта дос болма

Бес адаммен еш уақытта дос болма

Әбу Жағфар Мұхаммед бин Әли Бақир былай дейді:

  • 24 Шiлде 2019
  • 137
Фото - Caravan.kz

Әкем маған: «Балам! Бес кісімен ешуақытта жолдас болма, олармен әңгімелеспе және жолда серік болма! — деді.

— Құрбаның болайын әке, ол бесеуі кім?,-деп едім, әкем: — Пасықпен жолдас болма, ол бір асқа бола немесе одан да төменіне сені сатып жібереді,-деді.

— Әке! Одан да төмені не?

— Дәметіп, қолы жетпеген нәрсе.

— Әке! Екінші адам кім?

— Сараңмен жолдас болма. Өйткені, ол саған ең керек кезде мал-дүниесін бермейді.

— Әке! Үшіншісі кім?

— Өтірікшіні жолдас етпе, ол сағым сияқты жақынды сенен алыстатып, алысты саған жақын етіп көрсетеді.

— Әке, төртіншісі кім?


— Ақымақпен жолдас болма. Өйткені, ол саған пайда беремін деп зиян тигізеді.

— Әке, бесіншісі кім?- дегенімде:

— Туысқанымен ара-қатынасын үзгенмен жолдас болма, өйткені ондай адамның Құранда үш орында лағынеттелгенін көрдім»,-деп әкем өсиет еткен еді.

P.S. Дос — араб тілінде «садық», яғни, шыншыл деген сөзден туындайды. Демек, дос  – әр жағдайда сізбен шыншыл, қарым-қатынастағы бауырыңыз.
 

Перейти к новостям спорта