Бес күнде қазақстандық жүргізушілер 57 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылыққа жол берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бес күнде қазақстандық жүргізушілер 57 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылыққа жол берді

Бес күнде қазақстандық жүргізушілер 57 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылыққа жол берді

Қазақстанда 23-27 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шаралалры жүргізіліп, 57 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды, деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті.

  • 1 Наурыз 2015
  • 366
Фото - Caravan.kz

Соның ішінде көлікті мас күйінде басқарудың 1053 фактісі, 886 рет — көлікті басқаруға құқығы жоқ адамдар жүргізгені, жылдамдықты шамадан тыс арттырудың  7520 фактісі, 382 рет қозғалыстың қарсы бетіне шығып кету жағдайы, 514 — апаттық жағдай туғызу оқиғасы, 1 522 жаяу жүргіншілерге жол бермеу көрінісі, 9349 — қауіпсіздік белдігін тағынбау, 1007 — бағдаршамның жүруге тыйым салу дабылын ескермеу, 6700 мәрте — көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлесу фактісі анықталды.

Сонымен бірге жол қозғалысы ережелерін қоғамдық жолаушылар көлігі жүргізушілері 3 мың рет бұзған.

«Талдау көрсеткендей, елдегі жол қозғалысы қауіпсіздігі жағдайдағы басты фактор — жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы болып отыр. Соның салдарынан 2015 жылдың басынан бері жүргізушілердің кінәсінен 2 мың жол-көлік оқиғалары орын алған, бұл барлық оқиғалардың 90 пайызынан астамын құрайды», деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянова.