"Бес ұлттың қаны бар": Орыс ұлтының азаматын сүйіп қалған Фариза Ескермес жақындатұрмысқа шығатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бес ұлттың қаны бар": Орыс ұлтының азаматын сүйіп қалған Фариза Ескермес жақындатұрмысқа шығатынын айтты

"Бес ұлттың қаны бар": Орыс ұлтының азаматын сүйіп қалған Фариза Ескермес жақындатұрмысқа шығатынын айтты

Әншіліктен кетіп, актрисалыққа бет бұрған Фариза Ескермес “Қыздар-ай” бағдарламасында таңдауы неліктен орыс жігітіне түскенін айтты.

  • 20 Сәуiр 2023
  • 664
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

“Ол – менің өнерімді, болмысымды қабылдай білген адам. Мені әрдайым сыйла, қолдап отырады. Мені сонысымен баурап алды. Гүл жіберіп, сөз салған қазақ жігіттері болды. Бірақ олар менің өнеріме түбегейлі қарсы болды. Киноға түспейсің, сахнаға шықпайсың, іс сапарға бармайсың деп тыйым салды. Жігітім түрлі концерттерді, той-томалақтарды ұйымдастырумен айналысады. Бізді достарымыз таныстырды, содан жарты жыл дос боп араластық. Кейін бір-бірімізге сезім пайда болды”, – дейді актриса.

Фариза Ескермес сүйіктісінің өзге ұлттың өкілі екенін айтып, көпшіліктің сынына қалған болатын. Тіпті сүйіктісін “Көккөзім” деп еркелетінін актрисаның тұрақты оқырмандары жақсы біледі.

“Негізі оның бойында Татар, қазақ, орыс, украин мен өзбек ұлтының қаны бар. Әкесі – орыс ұлтынан. Бірақ өзін қазақпын дейді. Ата-анам қарсылық білдірген жоқ. Әкем біраз сұрақтың астына алғанымен, соңында менің бақытты болғанымды қалайтынын айтты”, – дейді ол.

Фариза Ескермес “тек қазақ жігіттері” деп сұхбат берген екен. Алайда көпшілікке Андрей есімді орыс жігітін “сүйіктім” деп таныстырды. Актриса ойының өзгеруіне не себеп болғанын да жасырмай айтты.


“Менің ойымды махаббат өзгертті. 2019-2020 жылдары “Джейран” тобындағы Мединаның туған күні болды. Менің сол кезде тілек айтқаным есімде. 30-40 адам жиналған дастархан басында “Қыздар, қазақ жігітіне тұрмысқа шығуымыз керек. Ешқашан басқа ұлттың өкіліне күйеуге тимеңдер. Ұлт мәселесі қашан да бірінші орында” деп айтқанмын. Мен сол сөздерді сондай сеніммен, қатты айғайлап айтып қойдым. Сөйтіп Құдай маған сол сөздерімді есіме салды. Той бұйырса болады. Біз жақсылап жоспарлап жатырмыз. Бірақ нақты уақытын белгілеген жоқпыз”, – деді актриса.

Соңғы жаңалықтар