Жарияланды: 700

БҒМ: Грант иегерлерi осы аптада белгiлi болады

БҒМ: Грант иегерлерi осы аптада белгiлi болады

Грант иегерлерi осы аптада белгiлi болады. Бұл туралы бүгін Білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссияның отырысында

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрiнжiпов мәлiм еттi. 

"Барлық нәтижелер БАҚ беттерiнде жарияланатын болады. Комиссия отырысы бiтiсiмен, қажеттi ақпараттар министрлiк сайтында және жетекшi ақпарат агенттiктерiнiң жаңалықтар таспасына шығарылады. Сонымен қатар республикалық газеттерде де басылады. Комиссия жұмысы қорытындыланғаннан кейiн, осы аптада, екi күннен соң грант иегерлерiн жариялайтын боламыз", - деп атап өттi ол. 

Сонымен қатар министр, гранттың құнына қатысты деректердi айтып бердi. 

"Ол жоғары оқу орнына байланысты. Мысалы, бiзде ұлттық жоғары оқу орындарында оқу ақысы 600 мың теңге, басқа университеттерде 300 мың теңге көлемiнде тұрады", - дейдi А. Сәрiнжiпов. 

Бұның алдында хабарлағанымыздай, мемлекет тарапынан бiз 32 мың грант бөлiнбек. Оның iшiнде техникалық мамандықтарға - 12,5 мың грант, педагогикалық мамандықтарға - 6 мың грант, ауыл шаруашылығы мамандықтарына 2,5 мың грант қарастырылып отыр. Биыл конкурсқа қатысатын балалардың саны - 67 мың. 32 мың гранттың iшiнде 78 пайызы қазақ бөлiмдерiне, 22 пайызы орыс тiлi бөлiмдерiне беріледі. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін