Бибігүл Жексенбай «Бас редакторлар клубының» президенті болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бибігүл Жексенбай «Бас редакторлар клубының» президенті болып сайланды

Бибігүл Жексенбай «Бас редакторлар клубының» президенті болып сайланды

Танымал журналист Бибігүл Жексенбай «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды, деп хабарлайды бірлестіктің баспасөз қызметінен. 

  • 16 Мамыр 2014
  • 759
Фото - Caravan.kz

Бүгін дәстүрлі есеп беру — сайлау конференциясында клуб мүшелері Б.Жексенбайдың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Бұған дейін бұл қызметті атқарған белгілі қаламгер Кенжеболат Жолдыбай президенттіктен ұйымның жарғысына сай, яғни сайлану мерзімі аяқталуына байланысты босатылды.

Жиында сөз алған Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Алтай Әбибуллаев бірлестіктің басшылық құрамына сәттілік тіледі.