Қазақстаннан шыққан жас шахматшы, Ресейдің намысын қорғап жүрген Бибісара Асаубаеваға порнографиялық суреттер салынған хат келді, деп хабарлады спортшының анасы Лиана Таңжарықова.
Таңжарықованың айтуынша, Батумиде ерлер арасындағы Еуропа чемпионатында жеребе нәтижесіне сәйкес жас шахматшы халықаралық гроссмейстер Александр Халифманға тап болыпты.
"Үш күннен соң Кәсіби шахмат клубына менің қызымның атына хат келді. Хатты, әдеттегідей, клуб қызметкерлері ашты. Ішіндегісін көріп бәрі шошып кетіпті – порнографиялық журнал беттерін салып жіберген", — деп жазды Таңжарықова "Новости шахмат" сайтында. Ол постқа "Пошта педофилі" деп ат қойған екен.
Таңжарықова айтқандай, конвертте хатты жіберуші "Халифман" деп көрсетіліп, оның Санкт-Петербургтегі мекенжайы жазылған.
"Әлбетте, клуб қызметкерлері полиция шақырып, барлық дерек тіркелді. Бұл сексуалды қылмыскердің кім екенін білмеймін. Халифман мырзадан еш күдіктенбейміз, матчтан кейін бұл оқиғаны өзіне жеткіздім. Ол да біз сияқты шошып кетті", — дейді шахматшының анасы.
Таңжарықова қылмыстың беті ерте ме, кеш пе ашылатынына сенімді.
Оқи отырыңыз:
Танымал тележүргізуші Қайрат Нұртасты сынағандарды “шәуілдей беретін” итке теңеді
"Екі бала тусам деп армандаймын" — Сәуле Әбілдаханқызы
Қазақстандықтар бензинге 600 млрд теңге жұмсаған