Танымал тележүргізуші Қайрат Нұртасты сынағандарды “шәуілдей беретін” итке теңеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал тележүргізуші Қайрат Нұртасты сынағандарды “шәуілдей беретін” итке теңеді

Танымал тележүргізуші Қайрат Нұртасты сынағандарды “шәуілдей беретін” итке теңеді

Қайрат Нұртастың ағылшын тілінде ән жаздыруы тыңдармандардың жаппай талқысына түсті. Бірі сынап, енді бірі хитменді қолдап жатты. Десе де, әншіні ағылшынша акценті үшін сынағандардың қарасы басым.

  • 11 Маусым 2018
  • 152
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Бұл орайда танымал тележүргізуші Эльвира Ерғалина Қайратты сынағандарға жауап берді.

“ҚН-нің, інісінің ағылшынын мазақ қып, күліп, ой, бір рахаттанып жатыр біраз адам. 10 жылдай бұрын ҚН сахнаға шыға бастағанда оны менсінбей, кекетіп, күлген. Биін мазақтайтын, дауысы жоқ дейтін, очкиіне тиісетін.

Күлген адамдар әлі сол күйі, жағдайы да баяғы, ештеңе өзгерген жоқ.

Ал, Қайрат Нұртас өзгерді. Ол қазір бай, танымал, атақты, айналасына пайдалы”, – деген Эльвира өзгелер сынап әлекке түскенде, Қайраттың шетел аренасынан бір-ақ шығатынын да болжады.

“Сонда бұл жерде кім ақылды деймін де. Өзгенің сөзіне құлақ аспай, мақсатына қарай жүре беретін Қайрат па? Әлде өзгенің кемшілігін тауып, соны жалаулатып күлу арқылы өзінің кемшілігін жұбататын сіз бе?

Ауылда көшемізден адам, көлік өтсе, көршіміздің қанден иті жүгіріп, шәуілдеп үріп, біраз жерге дейін артынан еретін. Өзінің есебі мықты, арақашықтықты жақсы сақтайды. Адам тоқтап, күтсе не тас алуға ыңғайланса, зытып береді. Дым қауқар да жоқ өзінде. Бірақ, ұраны – шәуілдеу.

Сол сияқты әр құбылысқа ешкім сұрамаса да, бес тиынын қыстырып отыратын “ақылдылар” бар ғой. Ұраны – өзгені ақымақ санау арқылы өзін ақылды сезіну. Ішкі комплексін солай толтырады”, – дейді тележүргізуші.


Тележұлдыздың айтуынша, Қайрат ең бастысы – даму үстінде. Сондықтан да ол ағылшынша әнді акцентпен айтса да, кешірімді.

“Ақылды адамдар ешқашан “мынауың дұрыс емес” демейді. Олар таңдауыңа құрметпен қарап, кез келген бастамаңды қолдайды.

Қарсы шығып, “мұны істеме” деп айтқанның еш әсері болмайтынын, бәрін көріп, қателіктен тәжірибе жинағанда ғана жетістік келетінін жақсы біледі олар.

Ал, өзгені кемсіту арқылы өзін биік, ақылды санайтындар – жан-дүниесі комплекске толы қорқақтар, бәлкім өмірге өкпелілер.

Сондықтан, Қайрат Нұртас, қолыңнан кеп тұр ма, қонышынан бас! Тапа! Бұл жолы болмаса, келесі жолы тап-таза ағылшынша ән жазарсың. Ең бастысы, дамып жатсың”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Соңғы жаңалықтар