Би-би-си 1000 қызметкерін жұмыстан қысқартады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Би-би-си 1000 қызметкерін жұмыстан қысқартады

Би-би-си 1000 қызметкерін жұмыстан қысқартады

Мыңдаған адам жұмыссыз қалатын болды, деп хабарлады Би-би-си.

  • 3 Шiлде 2015
  • 356
Фото - Caravan.kz

Би-би-сидің қызметкерлерін көптеп қысқартуына корпорация жұмысы қаржыландырылатын телевизиялық жиыннан (licence fee) жоспарланған сомадан 150 млн. фунт кем қаражат алғаны себеп болды.

Заң бойынша Ұлыбритания аумағында тұратын әр отбасы арнайы баж — телевизиялық жиын төлейді. Алайда көптеген отбасы теледидар көрмейтінін желеу етіп бұл төлемді төлеуден бас тартады.

Би-би-си тілшісі Дэвид Силлитоның айтуынша, 1000 адамды қысқарту 50 млн. фунтты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл тапшылық қалдығын жабу үшін жаңа қысқарту қажет болатынын білдіреді.