Би-би-си радиосының парсы қызметінің Тәжікстанға арналған "Орталықазиялық хабаршысы" өз жұмысын тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Би-би-си радиосының парсы қызметінің Тәжікстанға арналған "Орталықазиялық хабаршысы" өз жұмысын тоқтатты

Би-би-си радиосының парсы қызметінің Тәжікстанға арналған "Орталықазиялық хабаршысы" өз жұмысын тоқтатты

Душанбе. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Би-би-си радиосының парсы қызметінің Тәжікстанда болып жатқан оқиғаларынан құлағдар ететін "Орталықазиялық хабаршысы" бүгіннен бастап өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 1 Шiлде 2008
  • 452
Фото - Caravan.kz

Би-би-си радиосының парсы қызметінің бас редакторы Инояти Фонидің хабарлауынша, болашақта бұл миссияны Би-би-си — Тәжікстан веб-сайты атқаратын болады. Сондай-ақ, оның айтуынша, ағымдағы жылдың аяғына дейін Би-би-си-дің жаңа парсы тілді телевидениесі жұмыс істей бастайды.

Би-би-си радиосының парсы қызметінің Душанбедегі кеңсесі 1993 жылы ашылған. Би-би-си-дің бірінші тәжік тілшісі болып марқұм Мухиддин Олимпур істеді.

1997 жылы Тәжікстанда болып жатқан оқиғаларынан құлағдар ететін «Орталықазиялық хабаршысы» атты арнаулы бағдарлама эфирге шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті