Бидай ұрлап қамауға алынған директор жұмысшыларының ақысын төлемей кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бидай ұрлап қамауға алынған директор  жұмысшыларының ақысын төлемей кеткен

Бидай ұрлап қамауға алынған директор жұмысшыларының ақысын төлемей кеткен

Шығыс Қазақстанда жарты жыл бойы жалақы алмаған элеватор қызметкерлері бүгін наразылыққа шықты. "Предгорное" елді-мекеніндегі қойманың қожайыны көктемде миллиардтап қаржы ұрлады деген айыппен қамауға алынған болатын. Жұмысшылар содан бері көк тиын алмапты.

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 239
Фото - Caravan.kz


Шаруашылық директоры Денис Мерзлов мекемеден 46 мың тонна бидай ұрлаған. Бұл өнім анау-мынау емес, облыстық «Азықтүлік корпорациясына» тиесілі екен. Алаяқ директор осы қылмыстары үшін қазір темір торда отыр. Ал жұмысшылары әлі адал еңбегін ала алмай жүр. Дегенмен тергеу жүріп жатқан жарты жылдың ішінде жұмысты тоқтатпаған. Енді шыдамы таусылған жұрт отын мен несиеге төлейтін ақша таппай бүгін ақыры айқайға басты.