Білім мен Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жемқорлыққа қатысты жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім мен Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жемқорлыққа қатысты жаңа дерек шықты

Білім мен Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жемқорлыққа қатысты жаңа дерек шықты

Жемқорлықпен аты шыққан Білім және Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі атқамінерлерге қатысты да жаңа дерек шықты! Қаржы полициясы 26 млн теңгені «жеді» деп айыпталып отырған Білім министрлігінің  3 бірдей лауазымды шенеунігінің үстінен 3 қылмыстық іс қозғады. Олар Ақтөбе, Атырау, Талдықорған және Шымкент қалаларындағы балалар-жастар қозғалысын дамытуға бөлінген ақшаны қымқырған деген күдік бар.

  • 19 Ақпан 2014
  • 256
Фото - Caravan.kz


Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментінің директоры Мақсұт Бақтыбаевқа қатысты да тағы бір қылмыстық іс қозғалып отыр. Оған сыбайлас серіктестіктің сойылын соғу үшін басқа компанияның қызметіне кедергі келтірді деген айып тағылған. Айта, кетсек, 28 жастағы шенеунік екі ай бұрын қымбат шетелдік көлігінде отырып 720 мың теңге пара алып жатқан сәтінде ұсталған болатын. Оның алдында, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраев мемлекеттік тендерді «ұтып беремін» деп әлдебір кәсіпкерден 100 мың долларды санап алып жатқан жерінде құрықталған-ды. Соңғы қызметкеріне министр Мамытбековтың өзі араша түсіп,  қылмысы дәлелденсе  отставкаға «кетем» деп уәде бергені бар.