Білім министрі Елбасыға Қазақстан Республикасындағы білім берудің дамуы жөнінде есеп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрі Елбасыға Қазақстан Республикасындағы білім берудің дамуы жөнінде есеп берді

Білім министрі Елбасыға Қазақстан Республикасындағы білім берудің дамуы жөнінде есеп берді

Астана. 5-желтоқсан. «Қазақстан Бүгін» - Қазақстан Республикасының білім министрі Жансейіт Түймебаев республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында айтылған білім беру мен ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмасының жүзеге асу барысы туралы есеп берді, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі президент әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Желтоқсан 2007
  • 675
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу кезінде президент орта білім сапасының артуының ерекше маңызға ие екендігін атап көрсетті. Мұндағы кездескен проблемаларды шешу министрліктің ерекше бақылауында болуы тиіс.

«Сондай-ақ, мемлекет басшысы ғылымның дамуына айрықша мән береді. Үстіміздегі жылы 2012 жылға дейін мемлекеттік ғылымды дамыту бағдарламасы бекітілді. 10 инженерлік зертханаларға айтарлықтай қаржы бөлінді, келер жылы осындай тағы 5 зертхананы қаржыландыру көзделіп отыр. Елдің ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындары арасында ғылыми танымдық консорциумдар құрылған», — деді Жансейіт Түймебаев тілшілерге арналған брифингте.

Мысалы, биыл «Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Соңғы жылдары Қазақстандағы білім беру саласын мемлекеттік қаржыландыру ЖІӨ-нің шамамен 4 пайызын құрайды. Білім беру саласының құрылымы мен мазмұны халықаралық стандарттарға сай реформалануда. Мектептерді 12 жылдық оқыту жүйесіне көшіруге дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар, «Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстанның жоғары оқу орындарының жүйесі оңтайландырылған. Оның нәтижесінде 36 жоғары оқу орыны мен 58 филиал қысқартылды», — деп көрсетілген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті