Білім министрі: Мектептегі білімнің мазмұнын жаңарту керек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрі: Мектептегі білімнің мазмұнын жаңарту керек

Білім министрі: Мектептегі білімнің мазмұнын жаңарту керек

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов еліміздің мектептеріндегі білім мазмұнын жаңарту мәселесін көтерді.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 480
Фото - Caravan.kz

«2014 жылы 1-сыныптарға арналған оқу жоспарлары мен бағдарламаларын және жаңа оқулықтар әзірлеуді аяқтау міндетін қойып отырмыз. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» онлайн сабақтарымен, семинарлар, әдістемелік құралдар, шеберлік сыныптары арқылы отыз бес базалық мектептерде өзінің тәжірибесін таратып отыр. Кембридж университетімен бірлесіп, біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі де енгізілді. Осы жүйе бойынша 22 мың педагог біліктілігін арттырып келді», — деді министр А. Сәрінжіпов.


Министрдің айтуынша, алдағы уақытта осынау озық тәжірибелер еліміздегі барлық мектептерде таралатын болады. Сонымен қатар, ведомство басшысы мектептерде, оның ішінде ауыл мектептерінде кадр әлеуетін күшейту мәселесіне де тоқталып өтті. Бұл ретте үш айлық курстар арқылы жүз сегіз мыңға тарта мұғалімнің біліктілігін көтеру жоспарланады.