Білім және ғылым министрінің қызы мемлекеттік балабақшаға әкесі қызметке қол жеткізгеннен кейін орналастырылған - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім және ғылым министрінің қызы мемлекеттік балабақшаға әкесі қызметке қол жеткізгеннен кейін орналастырылған

Білім және ғылым министрінің қызы мемлекеттік балабақшаға әкесі қызметке қол жеткізгеннен кейін орналастырылған

 Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қызын мемлекеттік балабақшаға орналастыру мәселесінің жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін шешілгенін растады.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 371
Фото - Caravan.kz

«Қызым 3,5 жаста, біз кезекте 3,5 жылдан бері тұрмыз. Аллаға шүкір, бұл мәселе жуырда шешілді, бізге балабақшадан орын берілді», — деді ол дүйсенбі күні мәжілісте өткен үкімет сағатында.

«Менің қызметімнің де бір пайдасы тиді», — деп әзілдеді министр.

Оның айтуынша, балабақша мәселесі Астана, Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында үлкен қиындықтар тудырып отыр және оны мемлекеттік дотацияның көмегінсіз шешу қиын.

«Өзіміз әзірлеп жатқан меморандумдарға қарағанда, Астанада бюджеттен 100 мың балаға арнап бала-бақша салуға ақша бөлмесек кезек мәселесі шешілмейді», — деді А.Сәрінжіпов.