Жарияланды: 30

"Білімі аздықтан осылай қателесіп отыр": Айқын Қуат Хамитов туралы

"Білімі аздықтан осылай қателесіп отыр": Айқын Қуат Хамитов туралы

Айқын Төлепберген Қуат Хамитовтің әрекетіне жауап берді. Әнші спортшыны қате басып, басына бәле тілеп алды дейді. Ол үшін ауыр жаза берудің қажеті жоқ деп санайды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қуат Хамитов желідегі ақпаратқа сеніп, осындай қадамға барды. Ешкім ешкімді ұрған да, сабаған да жоқ. Ол бала артық хайп қуып кетті. Желіде тараған ақпараттың, тікұшақтар мен дезинфекторлардың жұмысынан күмәнданды. Білімі аз болғандықтан. Қуаттың сөзіне сеніп, ешкім көтеріліске шығып, айтқанын істеп кеткен жоқ. Сондықтан айыппұл салса жеткілікті. Үш жылға соттау деген артық деп ойлаймын. Қателеспетін жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды", - деп жазды Айқын желіде.

Қуат Хамитовтың видеосы желіде кең тарап, полиция назарына іліккен еді. Видеоны әзіл ретінде түсіргенін айтқан спортшы жауаптан босатылды. Алайда кейін сөзімнен бас тартпаймын деп пікір білдірді.

Бұған дейін спортшының әрекетін қателікке балаған Мұхамеджан Тазабеков пікірін айтқан еді. Тазабеков батырға уақытында басу айтатын ағалар жоқ деп налыды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін