“Біліп тұрып төсекке сүйреген”: Дина Төлепберген 15-те жүкті болған қызға қатысты істі сотқа жібермекші - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Біліп тұрып төсекке сүйреген”: Дина Төлепберген 15-те жүкті болған қызға қатысты істі сотқа жібермекші

“Біліп тұрып төсекке сүйреген”: Дина Төлепберген 15-те жүкті болған қызға қатысты істі сотқа жібермекші

Журналист Дина Төлепберген өзінің жеке әлеуметтік желідегі парақшасында 15-інде жүкті болған Диана туралы жазды.

  • 4 Қараша 2021
  • 5593
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

" Бүгінгі бағдарлама "он бестегі мама"
ел аузында. Көрермен екіге бөлінгендей, бірі партада отырудың орнына перзентханаға барып, босану алдында тұрған Диананы жұбатса, ендігілер оны жүкті еткен деп айыпталып жатқан Алматқа жаны ашыды.

Бүгін студиямызда екі ана кездесті. Екеуі де өз баласын ақтап әлек. Бірі қыз 15-те екенін айтпаған десе, ендігісі ұл біліп тұрып, төсекке сүйреген дейді.

Диана Алматтың туыстарымен танысқан болып шықты. Сол кезде "2002 жылғымын, бірінші баламның әкесімен ажырастым, наркоман еді" депті. Мұны қыз мойындады. Бірақ Алмат осылай айтқызған деп отыр.

Ашуға ерік беріп, төбелеске ұласқан соң, эфирді үзуге мәжбүр болдым бүгін. Ертең Алматтың өзімен танысамын. Студияда сұқбаттасамын.

Артынан істі полицияға тапсырамын. Дерек пен дәйектердің бәрін анықтап, таптық, погондағыларға жұту ғана қалды.

ТАҒЫ! Алмат Диананың ішіндегі бала менен емес пе деп күдіктенеді. Эмбрионның нақты неше апталық екенін анықтау үшін УЗИ аппаратын да алдырттық. Ертең бірге білеміз. Есептеп-ақ, ақиқатқа жету мүмкін…

Иә, бүгін КТК-дан көрсетілген эфир youtube желісіне ертең салынады. Тәртіп енді сондай. Астарлы ақиқаттың ресми аккаунты да көшті. Енді ол- @dinatolepbergenmedia!


Құдай үшін, ұлдары бар аналар, жігіттерге ескертіп қойыңыздаршы: " кәмелет жасына толмаған қыздармен жыныстық қатынасқа түсуге болмайды. Кемі 15жылға сотталады".
Меніңше, кез-келген қызбен танысқан кезде, жеке басын растайтын куәлігін сұрап, жасын білген ҰЯТ ЕМЕС ЕНДІ!", — деп жазды парақшасында.

Мұны оқыған желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді.

"Қыздың өзінен кінә ғой. Тәрбиесі нашар. Анасы тұрса да сөйлеуін доғармай тұр. Сондай қыздардан қорқу", "Жігітке обал болыпты ғой. Қызға онша сенбеймін","Ұл біліп тұрып жасаған сияқты. Кейін дым білмегендей бола қалды",- деп жазды.