Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, мемлекет басшысының жарлығымен Берік Имашев президенттің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды және бұрынғы қызметінен босатылды.
Б. Имашев 1960 жылы Алматы қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында, Шағын және орта бизнесті қолдау агенттігінде қызмет атқарған. «Казкоммерцбанк» АҚ төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары, президенттің шағын дизнесті дамыту жөніндегі кеңесшісі болып қызмет істеген.
Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау, шағын бизнесті қолдау агенттіктерінің төрағасы лауазымдарын атқарған.
2005 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болған. 2005 жылдың 18-қазанынан бастап Б. Имашев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті