Блогердің қонақтарға ақпарат басқа тілде айтылып, кейін түрік тіліне аударылғанына налыды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Негатив көп айта бермеймін, бірақ бүгінгі жағдайда Ердоғанның әйелі «Еуразия» сауда орталығын аралап жүр ғой. Университеттер бар, оған ешкім қазақша түсіндіріп жатқан жоқ.
Өзге тілден түрікшеге аударып жатыр. Қазақ пен түрікше ұқсайды ғой мысалы? Бір қазақша сөйлейтін адам, түсіндіретін адам табылмады ма?
Айтуға да қорқамын мұндай әңгімені, өйткені қазір білесіздер, қамайтынды қамап жатыр. Бірақ, мен шынымен түрік елдеріміз ғой? Бірақ қазақ тілінде бір адам тауып бере алмады ма? Мысалы, міне сен қазақша сөйлейсің, міне аралатшы қазақша деп. Неге өзге тілден түрікшеге аударып жатыр? Мен соны түсінбедім. Өзге тілден түрікшеге аударып жатыр, видеолардың барлығы тарап жатыр, білмеймін, сөзім жоқ енді», — деді ол.