Оның үстіне лифт қызметі үшін алынатын ақыға қатысты да ереже өзгертілген. Енді төлем пәтердің көлеміне байланысты есептеледі. Ал, лифтіні қажет етпейтін бірінші және екінші қабаттың тұрғындары да басқалармен бірдей ақша төлеуге мәжбүр. Жеделсатылар мемлекеттік бағдарлама бойынша ауыстырылып жатқанын айта кетейік. Ал ақысын несие ретінде тұрғындар 7 жыл ішінде қайтаруы тиіс. Жалпы бір ғана лифтіні орнату үшін 4 миллион теңге кетеді екен.