Бір мезетте 50 көлік соғысып, 3 адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір мезетте 50 көлік соғысып, 3 адам мерт болды

Бір мезетте 50 көлік соғысып, 3 адам мерт болды

АҚШ-тың Огайо штатында шамамен 50 көлік бір мезетте апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты, деп хабарлады шетелдік БА

  • 13 Наурыз 2014
  • 286
Фото - Caravan.kz

Жол апаты Толидо мен Кливленд қалаларының арасын жалғайтын ақылы автомагистралда орын алып, екі бағытта да көлік қозғалысына шектеу қойылған. Ауа райының қолайсыздығынан орын алған оқиға салдарынан 12 шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болған.


Зардап шекендердің саны жайында нақты ақпарат жоқ. Дегенмен оқиға орнына келген полиция қызметкері соқтығысқан екі көліктің арасында қысылып қалған әрі жағдайы өте ауыр.