“Бір шахтаны игере алмай жатсыңдар, атомдық станцияны ойлаудың өзі қорқынышты” - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бір шахтаны игере алмай жатсыңдар, атомдық станцияны ойлаудың өзі қорқынышты” - Айгүл Орынбек

“Бір шахтаны игере алмай жатсыңдар, атомдық станцияны ойлаудың өзі қорқынышты” - Айгүл Орынбек

Заңгер Айгүл Орынбек Қарағандыдағы шахташылар оқиғасын байланысты пікір білдіріп, басшыларды қатаң сынға алды.

  • 30 Қазан 2023
  • 7397
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Адам өлгенде ғана, Президент ұшып барып бақылауға алғанда ғана арттарыңды былғары креслодан көтеріп, қабырғаларың қайысып халық алдына шығасыңдар бастарың салбырап!

Ей, үкімет, осы уақытқа дейін қайда болдыңдар?

Тамыздағы жарылыстан кейін, неге бұл жарылысты алдын алмадыңдар?

Халықтың үнін естимейсіңдер кабинеттеріңе тығылып!

Ауыл аймақты араласыңдар халықты емес, қызыл кілеммен жүріп әкімдердің қолын алып кетесіңдер!

Өтірік есеп, “өмір ғажап, бәрі керемет бақылауда”, деп беттерің былшиып отырасыңдар!

Сендер осы апатты жағдайлардан ақша жасамайсыңдар ма?

Бір шахтаны игере алмай жатсыңдар, атомдық станцияны тіпті ойлаудың өзі қорқынышты.

Отыз екі отбасы қара жамылды бір күнде, ал кейбір жемқорлардың еттері де беттері де қайыса беретін қабырғалары да үйреніп қалған?!

Өте ауыр қайғы.
Жақындарынан айрылып аза тұтып жатқандардың отбасынан көмек бере алмағаным үшін кешірім сұрап, көңіл айтамын", — деп жазды Айгүл Орынбек.

Соңғы жаңалықтар