Бір тәулік ішінде коронавирустан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір тәулік ішінде коронавирустан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды

Бір тәулік ішінде коронавирустан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды

Әлемде коронавирусты 66 млн-нан астам адам жұқтырса, шамамен 46 млн адам сауығып шықты.

  • 6 Желтоқсан 2020
  • 119
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен тәулікте әлемде рекордтық 620 775 COVID-19 инфекциясы тіркелді, бір күнде 10 096 науқас қайтыс болды. Мұндай статистиканы 6 желтоқсан, жексенбі күні Worldometers сайты жариялады. 189 724 жаңа науқас Еуропа елдерінде тіркелген. Еуропада COVID -19 жаңа жағдайларының саны бойынша анти-рейтингтің көшбасшылары — Италия, Германия, Ұлыбритания және Украина.

Бүкіл әлем бойынша 66 миллион коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, 46 миллион науқас емделді, 1 533 653 пациент қайтыс болды. 19 миллионнан астам адам емделуін жалғастыруда.

Айта кетейік, еліміз бойынша өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 193 жағдайы және 4 өлім жағдайы
тіркелді
.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 014 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 010 бала бар. Стационарларда 3 575 науқас жатыр. 10 439 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.