Жарияланды: 190

Бір тәулікте індеттен 400-ге жуық адам көз жұмды

Бір тәулікте індеттен 400-ге жуық адам көз жұмды

Бір тәулікте індеттен 400-ге жуық адам көз жұмды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Иранда коронавирус төңірегіндегі эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады.

Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елде бір тәулік ішінде 400-дей адам қайтыс болып, 5 мыңнан аса азамат инфекцияға шалдыққан.

Науқастардың көптігі сонша, Тегеран ауруханаларында бос орын жоқ. Індетпен күреске әскерилер тартылып жатыр. Бұдан бөлек, инфекция кеңінен етек жайған 5 қалаға баруға шектеу қойылды.

Елдегі жағдай жақсарады деп ойламаймын. Керісінше, күн өткен сайын ахуал нашарлап барады. Тұрғындар тәртіпке бағынбайды. Сондықтан айыппұл салу арқылы ғана жағдайды жақсартуға болатын секілді, - дейді Тегеран қаласының тұрғыны Мұхадесех Кәрім.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін