Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды

Қазір коронавирус инфекциясынан 3 667 адам емделіп жатыр, соның ішінде 36-ы – бала. 97 науқастың жағдайы ауыр.

  • 21 Қыркүйек 2020
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 науқас көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

4 адам коронавирустан, ал бір пациент ковидтік пневмониядан қайтыс болды.

Бір тәулікте 62 адам пневмонияға шалдықты.

1 тамыздан бері пневмониямен ауырғандар саны 31 148 науқасқа жетті. 344 пациент көз жұмды.

Ал 13 наурыздан бері 107 307 адам коронавирус жұқтырды, 1699 науқас қайтыс болды.


Қазір коронавирустан 3 667 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 бала бар. Стационарларда 1 873 науқас жатыр. 1 794 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 97 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 13 пациенттің хәлі мүшкіл деп бағалануда. 17 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.