Бір топ Қытай мен Қырғызстан азаматтары елден қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір топ Қытай мен Қырғызстан азаматтары елден қуылды

Бір топ Қытай мен Қырғызстан азаматтары елден қуылды

Жамбыл облысының Меркі ауданында көші-қон заңын өрескел бұзған 31 шетел азаматы ұсталды. Оның 24-і қырғыз, жетеуі қытайлық. Қырғыз жерінен екі қолға бір күрек іздеп келгендер енді елден шығарылып, бес жылға дейін Қазақстанға кіруіне тыйым салынады.

  • 3 Ақпан 2015
  • 206
Фото - Caravan.kz

Ал Қытайдың жеті азаматының ауылына қайту мерзімі әлі алыс. Себебі бірде-біреуінің тіпті жеке басын растайтын құжаты жоқ. Олардың қалай шекара асқаны, тіпті өңірдегі тері өңдейтін өндіріске қалай қызметке тұрғандары да түсініксіз. Өздері бар құжат жұмыс берушінің қолында деп  ақталған. Ал басшылары шұғыл шетел асып кетіп, онымен байланыс үзілген. Бір жыл бойы иек астында жүрген келімсектерді тәртіп сақшылары тек арнайы тексеру кезінде анықтап отыр. Қытайлықтар сот санкциясымен қамауға алынып, облыс орталығына жеткізілді.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Жеке басын растайтын құжаттың болмауына байланысты, Қытайдың 7 азаматына қатысты материал толтырылды.Аудандық сотпен осы азаматтардың бостандығын шектеу жөнінде санкциясы алынып, қазіргі таңда бұл азаматтарды депортациялау бойынша жұмыстар жасалып жатыр.