Бір түн ішінде Газа секторынан Израильге кем дегенде 60 зымыран ұшырылды
Сәрсенбіде таңертең Газа секторынан зымыран арқылы атылған оқ салдарынан үш израильдік азамат жарақат алды, деп хабарлады "Джерузалем пост" израильдік газетінің интернет-сайтынан. |
Екеуінің жағдайы аса ауыр болып отыр.
Басылымның деректеріне қарағанда, тұтас алғанда Газа секторынан сәрсенбіде таңертең 43 зымыран ұшырылған, сейсенбінің кешінен бері - 60.
Жағдай шиеленіскендіктен, Израильдің оңтүстігінде оқу орындары жабылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін