Біріккен Араб Әмірлігі Ұлттық Федералдық Ассамблеясы Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастықты ұлғайтуға ықыласты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біріккен Араб Әмірлігі Ұлттық Федералдық Ассамблеясы Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастықты ұлғайтуға ықыласты

Біріккен Араб Әмірлігі Ұлттық Федералдық Ассамблеясы Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастықты ұлғайтуға ықыласты

Астана. 1 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен Араб Әмірлігі Ұлттық Федералдық Ассамблеясы Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастықты ұлғайтуға ықыласты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Аслан Мусиннің Ислам Конференциясы Парламенттік Одағы Ұйымының (ИКПОҰ) бесінші конференциясының бесінші сессиясы жұмысының шеңберінде Біріккен Араб Әмірлігі Ұлттық Федералдық Ассамблеясының төрағасы Абдул Азиз Абдулла әл-Гурейрмен екі жақты кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Ақпан 2008
  • 1159
Фото - Caravan.kz

Біріккен Араб Әмірлігі Ұлттық Федералдық Ассамблеясының басшысы екі жақты ынтымақтастықты барлық бағытта дамыту арқылы халықаралық деңгейге жетуге күш салу қажеттігін айтты.

Кездесу барысында мәжіліс төрағасы екі жақты қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтті. Бұл қатынастардың негізі Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге, Біріккен Араб Әмірлігінің мұрагер шейхының Қазақстанға жасаған ресми сапарларының нәтижесінде қаланған болатын.

Мұнай өндіру саласында тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы, туризм, сауда-экономикалық салаларда қарым-қатынасты дамытуға келісім жасауға қол жетті.

2006 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігіне жасаған ресми сапары барысында алюминий және дәрі-дәрмек зауыттарының, мұнай-химия кешенінің, медицина орталығының құрылыстарын салу, алтын қазу өндірісін, Астананың инфрақұрылымы мен Қазақстанның көлік жүйесін дамытуды қарастыратын бірлескен «Іске кірісу жоспарына» қол қойылған болатын.

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі арасындағы тауар айналымының көлемі 2007 жылдың қаңтары мен қарашасына дейін 295 миллион АҚШ долларын құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті