Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді

Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян 14-16 шілдеде Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 14 Шiлде 2008
  • 468
Фото - Caravan.kz

«Алдағы сапар барысында түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы талқыланады»,- деді Е.Ашықбаев.

СІМ ақпаратына сәйкес, бүгінде Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Астана және Абу Даби халықаралық сахнада жемісті ықпалдасып келеді, саяси диалог пен сауда-экономикалық байланыстар қарқынды дамуда, әмірліктер тарапы Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына тұрақты қолдау көрсетіп келеді.

Әмірлік инвесторлар елімізде құны миллиардтаған бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырып жатыр, оның ішінде Каспий теңізі жағасындағы «Актау Сити», Астанадағы «Абу Даби Плаза» кешені, Шымкент қаласындағы перзентхана мен орталық мешіт құрылыстары бар. Сонымен қатар мұнайхимия, энергетика және тау-кен салаларындағы ірі жобалар қарастырылуда.

Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның ресми сапары екі ел арасындағы барлық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі дамуына үлкен серпіліс бермек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті