Бірлік мерекесі аймақтарда ерекше тойланды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірлік мерекесі аймақтарда ерекше тойланды

Бірлік мерекесі аймақтарда ерекше тойланды

Бірліккүнін – аймақтарда да кең көлемде атап өтті. Жер-жерден этно ауылдар бой көтеріп, түрлі ұлттың ұлттық билері мен әуендері, тағамдар қойылған. Мәселен, Алматыда 50-ге жуық ұлттың шатыры бір алаңға тігіліп, бірін-бірі қонаққа шақырса, Ақтөбеде достық алып торт әзірленді. Десе де бәріне де қарағандылық мереке қымбатқа шыққандай. Биыл өңір билігі 75 ұйымнан іріктелген 27 этномәдени орталыққа сый ретінде 20 миллион теңгені үлестіріп берді.  

  • 2 Мамыр 2014
  • 357
Фото - Caravan.kz

Бірге ән салып, би билеу – бұл достық күнінде қалыптасқан дәстүрдің бірі. Содан болар, бүгін Алматыдағы Республика сарайының алдына жиналған жұрттың бірде-бір әуезді ырғаққа ерік бермей, ән салмай тұра алмады. Жасы да, кәрісі де. Тіпті қолқа салған көптің тілегімен Алматы әкімі Ахметжан Есімов те биледі.    

Мұнда бәрі бір-біріне достық құшағын ашқан. Оған қазақтың киіз үйінен бастап, немісі, тәжігі, күрті, түрігі, орысы мен украины бар жалпы саны 50-ге жық ұлттың шатыры қойылған. Бірі өнерін көрсетсе, енді бірі дәмін таттырып әлек.

Петр Эзау, неміс ұлтының өкілі:

— Алма қосылған үйрек – бұл немістің ұлттық тағамы. Құстың қарнын тіліп, ішін алмаға толтырамыз. Сөйтіп, пешке саламыз. Сыртына да алма қоямыз. Бұл үйректің майын сөлге айналдырады.

Жалпы елімізде достық күні – 1996 жылдан бері аталып өтіліп келеді. Ондағы мақсат – бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан әрбір жанға дініне, діліне, ұлтына қарамастан құрмет көрсету.

Ал бұл Қарағанды төрінде өткен мереке. Бірақ биылғы той, бұрыңғысынан өзгешелеу мұнда. Әсіресе, жергілікті 27 этномәдени ұйым үшін. Өйткені қала билігі биыл әрқайсысына 700 мың теңгеден сыйақы үлестіруді жөн санапты.


Достық күнін семейліктер де ешбір өңірден қалыс қалмай, өзіндік ерекшелікпен атап өтті. Мұнда алып қуыршақтар көрмесі қойылған. Жүзден аса диаспораға мекен болған Қазақ елі тәрізді мұнда да ойыншық қыздардың сан түрі бар. Ең бастысы – қуыршақтарды жасаған нағыз шеберлер емес.

Жанар Нұртасова, Семей қаласының тұрғыны:

— Көз қорқақ, қол батыр дейді ғой. Әрине, біз тігінші емеспіз ғой. Сондықтан оңай болған жоқ. Бірақ қолымыздан келді.

Десе де бәрінен де ақтөбеліліктердің мерекесі тәтті шықты. Мұнда биіктігі 1 жарым метр, ал самлағы 40 келі тартатын алып торт әзірленді. Ортақ тойды оралдықтар да атап өтті. Алматының әкіміндей емес, Батыс Қазақстанның басшысы ырғаққа шапшаң ілесіп кетті.