"Бірнеше әйелі, тоқалы барлар, сыйлы, құрметті": белгілі журналист бірнеше әйелі бар "дөкейлер" туралы бар шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бірнеше әйелі, тоқалы барлар, сыйлы, құрметті": белгілі журналист бірнеше әйелі бар "дөкейлер" туралы бар шындықты жайып салды

"Бірнеше әйелі, тоқалы барлар, сыйлы, құрметті": белгілі журналист бірнеше әйелі бар "дөкейлер" туралы бар шындықты жайып салды

Белгілі журналист, медиа сарапшы Мөлдір Бақыт Бишімбаевтың бұрынғы әйелінің сұхбатына қатысты ойын ортаға салды.

  • 13 Мамыр
  • 523
Фото - Caravan.kz

Ол «дөкейлердің» бірнеше тоқалы болатынын да жасырмады, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа спорталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлім етті.

«Бишімбаевтың экс-әйелі сұхбатында Лондондағы достары жайлы айтты. О жақта жүргіш еркектен бизнес серіктестер, қызмет берушілер бойын аулақ ұстайды. Отбасын, әйелін алдаған адам, сені де оп-оңай алдап кетеді(сата салады, орға жығады) деген түсінікпен өмір сүреді екен.

Бізде керісінше, бірнеше әйелі, тоқалы барлар сыйлы, құрметті, құрығы ұзын. Бір дөкейдің көңілдесі, протежесі болған сайын (қыз,жігіттер) ықпалдырақ, сүйкімдірек келеді», — деп ойын ортаға салды журналист.