Бірқатар қалада оқушылар мектепке бармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірқатар қалада оқушылар мектепке бармайды

Бірқатар қалада оқушылар мектепке бармайды

Еліміздің бірнеше қаласында ертең, 16 ақпанда оқушылар мектепке бармайды.

  • 16 Ақпан
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Астана, Семей, Қарағанды мен Ақтөбе қаласының оқушылары қатты аяз салдарынан қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

16 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты І ауысымда оқитын 0 -11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген Астананың білім басқармасы таратқан хабарламада.

Осындай бұйрыққа Семейдің білім ведомствосы да қол қойды. Ақтөбе және Қарағанды облыстарында да екі ауысымда да оқу қашықтан оқытуға ауыстырылды.

Соңғы жаңалықтар