Бірқатар қазақстандық әскерилер әскери және арнаулы атаққа ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірқатар қазақстандық әскерилер әскери және арнаулы атаққа ие болды

Бірқатар қазақстандық әскерилер әскери және арнаулы атаққа ие болды

Отан қорғаушылар күні қарсаңында бірқатар әскери басшылар, сондай-ақ, Қазақстан ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасы Игорь Лепеха және облыстық прокурорлар кезекті әскери, арнаулы атаққа және сыныптық шендерге ие болды. Бұл туралы Президенттің ресми сайты хабарлайды 
Жұмада Ақордада салтанатты марапаттау рәсімінде таратылған мәліметке сәйкес, Игорь Лепеха полиция генерал-майоры арнаулы атағына лайық деп танылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры Дархан Дильмановқа генерал-майор әскери атағы берілді.
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы вице-президенті Айдын Айымбетов және бас штаб басшысы, әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Нұрлан Карбенов авиация генерал-майоры атағын алды.

  • 6 Мамыр 2016
  • 574
Фото - Caravan.kz


Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетовке авиация генерал-лейтенанты атағы берілді. Вице-адмирал атағы — әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Жандарбек Жанұзақовқа берілді.