Сот прокурордың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде 2 ай бойы күдікті Біртановты үй қамауында ұстауға санкция беру туралы өтінішін қанағаттандырды. Осылайша, Біртанов үйқамақта отыру мерзімі 14 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұдан әрі материалдармен танысқаннан кейін іс бойынша сот талқылауы басталады.