"Бишімбаев әйелін сабаған видео" дегендерді қарадым, видео тұрмақ, фото да жоқ - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 487.42
  • 531.39
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бишімбаев әйелін сабаған видео" дегендерді қарадым, видео тұрмақ, фото да жоқ - Сәуле Әбілдаханқызы

"Бишімбаев әйелін сабаған видео" дегендерді қарадым, видео тұрмақ, фото да жоқ - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы сот әділ етіп, күдікті де өзін қорғауға құқылы екенін айтты.

  • 23 Ақпан
  • 119
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Оңғарды қоя берші, хайп қуып жүрген блогер ғой…))

Өздерін "белді" санайтын журналистер мен "беделді" санайтын ресми БАҚтарға не жорық деймін да… "Бишімбаев әйелін сабаған видео" дегендерді қарадым, ешқандай видео көрмедім. Тіпті, видео тұрмақ, фото да жоқ.

Бар болғаны — видеодан түсініксіз бір кадрдың скрині.

Бишімбаев әйеліне қол жұмсап жатқан болса, неге видеоны толық жарияламай, бір кадрдың скринын ғана салады. Мүмкін видеода тапсырыспен жазып отырғандарға ұнамайтын кадрлар бар шығар. Хайп, рейтинг қуып жүрген сауатсыз блогерлер болса бір жөн. Ресми БАҚ, ресми журналистсымақтар таратып отыр… Күлеміз бе, жылаймыз ба?..))((

"Ойбуй, қай бетімді шымшиын?" деуші еді апам жарықтық…) дәлел видео осы болса, онда молчу…)

Ау, айналайындар-ау, құры желідегі жел сөзге жамырап шулай бермей, бір сәт ой елегіне салып, таразылауды үйренсеңдерші. Құдай миды не үшін берді?

Оңғар дегеннің ар жақ-бер жағындағы бір блогерсымақ

“…ол әйелін ұрып өлтірген адам ғой. Сотқа қашаннан бері сенетін болғансыңдар?”, деп сотқа тіл тигізіпті. Сот әлі болған жоқ қой…)) Ол сотқа сенбейді екен деп бәріміз соттан бас тартып, өз білгенімізше жазалап, жабайылыққа баруымыз керек пе? Қандай болса да заң орындарымыз бар, демек сол құзыретті орындардың фактілеріне сүйенеміз, шешімін күтеміз. Сіз бен біз білетін, сіз бен біз қолдаған біраз "қылмыскерлер" — сайрауық, Әсел Назарбаева, Жаманқұлов, Әлімбекова, Әбішевтерді, мені, тағы басқаларды әділ тергеп ақтаған да, лайықты, әділ үкім шығарған да сот емес пе еді?

“Әйелін ұрып өлтірген” деп кесіп жазатындай ол тергеу ісімен танысып, сот үкімін шығарып қойып па еді?!

“Егер сот басқаша шешім шығаратын болса халық боп көтеріліп, талап ету керек!!!”, депті сабазың. Мынауың сот пен билікке қысым көрсетіп, қоғам санасына манипуляция жасап отыр ғой.

Жарайды, конституция, заң, құқық, факт, дәлел, сот дегеннің бәрін былай ысырып қояйық. Сот өтпей жатып Бишімбаевты "қылмыскер" деп қарастырайық. Тергеуші, прокурорлар бастап, қоғам қостап, ешқандай сотсыз үкімді де кесе салайық. Сонда бәріңіз аңсап, шөлдеп, сұрап, талап етіп жүрген "әділетті, құқықтық, демократиялық" қоғам осындай болмақ па?

Менің түсінігімдегі әділетті, құқықтық қоғам басқа. Ондай қоғамда заң алдында адамның бәріне бірдей өзін қорғауға, өз құқығын қорғауға тең мүмкіндік беріледі. Жәбірленушіге де, жауапкерге де, күдіктіге де. (Мен де сол құқығымның арқасында өзімді талай қорғадым…) Тіпті, жауапкерге (күдіктіге) өзін қорғауға барлық жағдай жасалуы шарт екені, оның барлық өтініштері орындалуы заңда бар емес пе? Сондай жағдайда ғана оның шын қылмыскер немесе қылмыскер емес екені анықталмай ма? Тергеудің, соттың мақсаты да қылмысты анықтап, дәлелдеп, мойнына қойып, сосын үкім шығару емес пе?

Кешегі Бишімбаев адвокаттарының сұхбатында айтылған жайттарды былай да естіп жүрміз. Бірақ құзыреті барлар айтсын деп әліптің артын бақтым. Сотқа дейін араласпаймын, сот ашық өтсе, журналист ретінде тек процесті көрсетуге болады дедім. Ақтауды да, даттауды да мақсат етпедім. Мораль да, адамгершілік қағидалары да, құқықтық нормалар да солай дейді. Мендегі қарапайым логика осы.

Өз басымнан бәле-жаланың талайы өтті. Жаптым жала, жақтым күйе деп тергеуге де, сотқа да талай сүйреді. Құдайға шүкір, ақыры өз өтіріктері шықты.

"Аққа Құдай жақ" деген осы болар.

Сол кездердегі фактілерді жарияласам, бәрің де жаға ұстар едің…

Пыросто, "қойшы, бір Құдайға тапсырдым" деп қоя салдым… Негізі, түбі бір айтылатын, ашылатын шындықтар"