Бишімбаев сотын әлем болып тамашалауы әділдікке сұраныстың бар екенін көрсетеді — министр - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаев сотын әлем болып тамашалауы әділдікке сұраныстың бар екенін көрсетеді — министр

Бишімбаев сотын әлем болып тамашалауы әділдікке сұраныстың бар екенін көрсетеді — министр

Мәжілістің кулуарында Әділет министрі Азамат Есқараев Бишімбаев сотының трансляциясына қатысты пікір білдірді. 

  • 17 Сәуiр
  • 52
Фото: Сот отырысының трансляциясынан скрин

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қуандық Бишімбаевтың сотын кейбір халықаралық арналар көрсетіп жатыр. Әлемнің әр түкпірінен осы процесті телесериал көргендей аңдып отырғандар бар. Бұған қалай қарайсыз? Оны көрсету құқығын сатып алуға ниет білдіргендер бар ма?» деп сұрады журналист министрден Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.

Азамат Есқараев бұл мәселе Әділет министрлігінің құзырынан тыс екенін атап өтті.

«Білмеймін. Ол менің құзыретіме кірмейді. Бұл бүкіл әлемде әділдікке сұраныс бар екенін көрсетеді деп түсінемін. Оны Жоғарғы сот сияқты уәкілетті орган шешеді. Сот әкімшілігі өзі қарауы керек», — деді ол.

Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаевтың соты қаралым мен қызығушылық жағынан кей рейтингі жоғары сериалдардан асып кетті. 

Соңғы жаңалықтар