Бишімбаевтың соты: Байлық пен билікке әбден дандайсыған жауыздың бейнесі анық көрінді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаевтың соты: Байлық пен билікке әбден дандайсыған жауыздың бейнесі анық көрінді

Бишімбаевтың соты: Байлық пен билікке әбден дандайсыған жауыздың бейнесі анық көрінді

Кешегі сот отырысы көп болжамға нүкте қойған процесс болды.

  • 23 Сәуiр
  • 25
Фото: Сот отырысының трансляциясынан скрин

Бишімбаев қылмыс жасаған күні ішімдікке тойып, не істегенін ұмытып қалған. Сол шындық шықты. Заңгер Ляззат Ахатованың айтуынша, нағыз шынайы бейнесі анықталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Сотталушы телефонының құпия сөзін беріп, ішіндегі файлдар зерттелді. Марқұмның өмірінің соңғы сәтіндегі ұрып-соғып, қорлағанын видеоға түсіріп алған адам не ауру, не жауыз. Екеуінің бірі.

Қызғаныш пен ішімдіктің салдарынан өз ісіне есеп бере алмағаны да бар, бірақ өзінде жауыздық болмаса, қанша мас болса да, дені дұрыс адамның олай істеу қолынан келмейді..Қатыгездікпен өлтіргені өз қылмысын өзі түсірген айғақтармен дәлелденді. Өз-өзін солай әшкереледі.

Алла шебер ғой. Бірақ о баста өлтірем деген ой болмаған. Ой болса, қасақана жасаса, ың-шыңсыз өзі жоғалып кеткендей, ізін жасырар еді деп ойлаймын. Ана қаныпезерлікті жасаған адамға оны жасау түк емес болса керекті. Әбден дандайсып, солай ұрып-соғып, қорлап үйренген адамның тірлігі. Кезекті ұрыс-керістің бірі деп ойлаған. Не адам сияқты жібере алмаған, не өткенін кешіре алмаған, содан солай қорлап, өшін алған.

Бейшара қыз екінші кеткеннен кейін қайтып ол тиранға оралмау керек еді. Ажалына барғандай бопты-ау.. ”Любовь зла..” деген осы шығар. Кешіре алмаса, адам құсап өмір сүре алмаса, адамдықпен айрылысу деген де адамның ісі екен-ау.

Қызғаныш деген сұмдық нәрсе екен. Әсіресе ер адамның сүйген әйелінің басқа адаммен байланысын кешіруі өте қиын сияқты. Оған жаңағы озбырлық қосылса, ішімдік қосылса, осындай жантүршігерлік қылмыс орын алады. Адамның көзіне қан толмасын, қан толса, жыртқыштан ары болады екен. Оған ешкім нақты анықтама бере алмайды.

Аса ауыр қылмысқа барған адам да өзінің сол кездегі әрекетін түсіндіре алмайды. Бұдан басқа өз балаларын балтамен шауып, буындырып өлтіретіндер адам ба өзі деп ойлайсың. Жыртқыштар да перзентін қорғайды ғой. Соған қарағанда жер бетіндегі ең жауыз тіршілік иесі — адам шығар»,- деп жазды заңгер.

Соңғы жаңалықтар