Бишімбаевтың соты халықтың құқықтық сауатын ашты - журналист - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаевтың соты халықтың құқықтық сауатын ашты - журналист

Бишімбаевтың соты халықтың құқықтық сауатын ашты - журналист

Бүгін Бишімбаевқа сот үкім шығаруы мүмкін.

  • 6 Мамыр
  • 9
Фото: ашық дереккөз

«Қобыландының жырындай» болған бұл сот та аяқталатын күнге жетті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қоғамда Бишімбаевты аз ғана мерзімге соттайды деген қорқыныш бар. Бірақ, сот отырыстарын көріп, көңілге түйгеніміз экс-министрге ешқандай УДО-сыз жиырма жылдан да көп береді деп ойлаймын. Солай болатын да сияқты»,- деп пікір білдірді Оңғар Қабден.

Негізі, Нүкенованың өлімін тікелей эфирде береміз деген Жоғарғы Соттың өзі бұндай болады деп ойламаған шығар. Қазақстанды қойып, алыс-жақын шетелдің өзі Астанадағы сотты бақылап отырды. Бір жағынан бұл халықтың құқықтық сауатын ашуға да пайдасын тигізді.

Соттың жүру тәртібі, процесі дегеннің не екенін көпшілік түсінді. Қос Айжан, ер мінезді судья Айжан Күлбаева мен батыл прокурор Айжан Аймағанованы Әлия мен Мәншүкке теңеген суреттер интернетті жаулады.

Бишімбаевтың мүддесін қорғаған адвокат Ғазымжанов пен Нүкеновтар тарапынының адвокаты Вранчев туралы оқып таң қалдым. Кезінде Ғазымжановтың лицензиясын алмақшы болғанда оны осы Вранчев қорғапты. Енді міне екеуі бір-бірімен сотта кездесті!

Сонымен қоғамды шулатқан сот процесі де өз мәресіне таяды. Бір әттеген-айы соттың орыс тілінде өткені.

Соңғы жаңалықтар