Бішкекте лаңкестерді құрықтау операциясының видеосы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте лаңкестерді құрықтау операциясының видеосы жарияланды

Бішкекте лаңкестерді құрықтау операциясының видеосы жарияланды

Қырғыз ақпарат құралдары өткен аптадағы Бішкекте өткен лаңкестерді құрықтау операциясының видеосын жариялады. Қырғызстан Қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, экстремистердің барлығы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының мүшелері. Ал топ серкесі Қазақстан азаматы екен.

  • 21 Шiлде 2015
  • 269
Фото - Caravan.kz

Комитеттің таратқан ақпараты бойынша, көзі жойылған топ 17-ші шілде күні мұсылмандардың Ораза-айт мерекесінде жарылыс жасамақ болыпты. Лаңкестер көздеген нысандардың ішінде Бішкектің орталық алаңы мен Ресейдің әуе базасы бар екен. «Ислам мемлекеті» ұйымына қатысы бар топты Жанболат Әміров есімді Қазақстан азаматы басқарған. Ал қаржылай көмекті Қырғыз Парламентінің депутаты жасаған көрінеді. Жалпы атыс кезінде 4 террористің көзі жойылса, 7-і тірідей ұсталған. Қайкөйлер бекінген үйді тінту барысында біреше автомат пен арнайы киім, террористік ұйымның туы мен парақшалар табылыпты.