Ол бұл келісімнің бірнеше жыл қатарынан жүргізілген келіссөздердің нәтижесі және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі бас комиссары басқармасы мен өңірдегі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып отырғандығын атап көрсетті.
БҰҰ бас құқық қорғаушысы соңғы екі жыл ішінде өңірлік бөлімшелерді құру ісінде айтарлықтай алға басушылыққа қол жеткізілгенін атап көрсетті. Алайда, әлі де оны Солтүстік Африка мен Оңтүстік Шығыс Азияда құруда қиындықтар туындап отыр. Луиза Арбур оның орнын басушы осы жобаларды соңына дейін жеткізетініне үміттенетінін жеткізді.
30 маусымда Луиза Арбур өзінің төрт жылдық өкілеттігін аяқтайды. Ол тағы бір мерзімге сайлауға түсуден бас тартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті